Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанда бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Шпекбаевтың айтуынша, 2020 жылы түрлі дәрежедегі 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
– 722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, облыс әкімдерінің нақты орынбасарлары, екі жауапты хатшы, комитеттердің екі төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасарлары. Бес вице-министрге, комитеттердің бес төрағасы мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың бес топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергелуде, – деді Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алқасының отырысында.
Сондай-ақ Шпекбаевтың мәліметінше, 2020 жылы 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыс, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісі анықталған. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтарды (ҰҚТ) құру фактілері бойынша төрт іс қаралады.
Пікір қалдыру