Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирустың "қызыл" аймағынан шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта – Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
"Сары" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары кірді.
Ал "жасыл" аймақта – қалған барлық өңір.
Коронавирустың таралу қаупі бойынша Қазақстан тұтастай алғанда әлі "қызыл" аймақта.
Пікір қалдыру