Тоқаев жүргізуші куәлігіне қатысты заңға қол қойды

/image/2021/02/01/crop-105_3_547x729_bragazeta-ru-gibdd.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізушілерге жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат беретін заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" делінген хабарламада.

Заң жобасына сай жүргізуші куәлігін немесе техпаспортты үйде ұмытып кеткен жағдайда ешқандай айыппұл салынбайды.

Бірақ бұл өзгеріс шетелдіктерге қатысты емес, керісінше олар жүргізуші куәліктерін және тіркеу куәліктерін өздерімен бірге алып жүруге міндетті болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар