Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңнамалық актілерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Президент қол қойған заңдардың қатарында төмендегідей құжаттар бар:
– "2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
– "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
– "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңы
Пікір қалдыру