Тоқаев: Вакциналау шығындарын мемлекет көтереді

/image/2021/02/01/crop-251_5_1177x1570_f64c796c-bdf6-4fc3-826d-dfadbb394906.jpeg

Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.

– 1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді.

Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын, – деді президент.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар