Бекшиннің орынбасары тағы бір қызметке тағайындалды

/image/2021/02/03/crop-8_45_894x1192_6971b418c557a2f3e9eab78258bf694d_original.109090.jpg

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2021 жылғы 1 ақпандағы бұйрығымен әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттерін атқару департамент басшысының орынбасары С.Н.Байғабыловқа жүктелді" делінген хабарламада.

Бұған дейін Сәдуақас Байғабылов 2020 жылғы 20 қарашада Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары болып тағайындалған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар