Жағажайда таңертеңгі жүгіру кезінде жергілікті тұрғын теңізде қалқып тұрған жарқыраған ұшатын затты байқады. Бұл туралы Лондонда шығатын The Daily Mirror басылымы хабарлады.
Қозғалатын затты Мексика шығанағындағы әйел видеоға түсіріп, көпшілік оны "ұшатын беймәлім зат" деп болжап, әлеуметтік желіде бөліскен.
Белгісіз зат Мексиканың Тамаулипас штаты, Сиудад-Мадеро жағалауы, Мирамар жағажайында 1 ақпанда көрінген.
'Patty Azuara' есімді әлеуметтік желі қолданушысы бөліскен видеода теңіздің үстінде жарқыраған үлкен нысан көрінеді.
Ол парақшасында "Бүгін мен таңғы 7.12-де жағажайда жүгіріп келе жатып, осы шамдарды байқадым" деп жазды.
Пікір қалдыру