Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Киясов коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы туралы айтты.
– КВИ-ға қарсы вакцинацияда Ресейдің Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген "Спутник V" вакцинасы қолданылады. Әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады.
"Спутник V-дан" кейін иммунитет кем дегенде 2 жыл сақталуы мүмкін екені дәлелденді. Вакцина коронавирустың "Британиялық" және "Оңтүстік Африка" жаңа штамдарына қарсы тиімді, – деді ол.
Сондай-ақ бас санитар дәрігер вакцинаны жасаушылар "Спутник" COVID-19-дың орташа және ауыр ағымынан 100% қорғайтынын мәлім етті.
– Жоғарыда атап өткеніміздей, вакцинация вакцинаның түсуін және халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңызын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деді Ерлан Қиясов.
Пікір қалдыру