Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинация пациенттің келісімімен жүргізілетінін айтты.
– Вакцинациялау тек екпенің ақпараттандырылған келісімімен, яғни пациенттің, медицина қызметкерінің немесе сол қатерлі топқа жататын адамдардың келісімімен және мемлекеттік бюджеттің есебінен тегін жүргізіледі, – деді ол.
Вице-министр вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберілетінін атап өтті.
– Екпенің алдында дене температурасын өлшеу мен эпидемиологиялық анамнезды жинау, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек қан-тамыр жүйелерін тыңдау, дәрігердің міндетті тексеруін жүргізу керек. Егер температура 37-ден асса, екпе жасауға болмайды, – деді Ажар Ғинаят.
Пікір қалдыру