Бүгін Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың бұйрығымен Ахметбек Ахметжанов өз қалауы бойынша қызметінен босады. Ол Қостанай қаласы әкімінің қызметін атқарып келген еді. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Алау» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазір қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып Сәндібек Қайрат Амантайұлының тағайындалған.
Ахметбек Ахметжановтың екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ұсталған болатын. Қалиевтың 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталғаны туралы біз осыған дейін жазған болатынбыз. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды .Екеуі де қамауға алынған.