Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаздың неден қайтыс болғаны белгілі болды

/image/2021/02/12/crop-0_1_638x1134_whatsapp-image-2021-02-12-at-11.26.12.jpeg

Қарағанды облысында Түркістан облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз Рамазан Жақып қайтыс болды, деп хабарлады ҚазТАГ сайты.

Сайт мәліметінше, сарбаз менингиттің жедел түрінен қайтыс болған. Анасы ұлымен соңғы рет 31 қаңтар күні жексенбіде сөйлескенін айтты.

– Ұлым үш күн бойы екпе салдырғанын айтты. Оны ауруханаға жатқызбаған, үш сағат бойы нарядқа шығуды жалғастырған. Мен медбикелермен телефон арқылы сөйлестім. Олар оған екпе салынбағанын, тіпті парацетамол берілмегенін айтты, – деді бейсенбі күні марқұмның анасы Алтынай Құлатаева.

Сарбаз тонзиллит пен жоғары температурадан ауырып жатқанын айтып шағымданған. Құлатаева атап өткендей, жігіт әскери бөлімде қайтыс болған. Қайғылы жағдайдың себебі – жедел менингококк инфекциясы.

6505 әскери бөлімі бригадасы командирінің орынбасары Арман Сейітовтың айтуынша, 2 ақпан күні сағат 8:00-де 6505 бөлімінің сарбазы Жақып Рамазан Мейрамбекұлы жалпы әлсіздікке, дімкәстікке шағым түсірген.

– Санитар нұсқаушының қарауынан кейін ол Абай қаласының орталық ауруханасына жеткізілді Медициналық тексеру барысында сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер қатардағы Жақыптың қайтыс болғанын анықтаған. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, әскери қызметшінің өліміне жедел менингококк инфекциясы себеп болған. Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, – деді Арман Сейітов. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар