Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір немересі Қазақстан футбол федерациясының президенті болуға өтініш білдірген. Экс-елші Рахат Әлиев пен депутат Дариға Назарбаеваның кіші ұлы Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне өзін-өзі ұсынғандығы туралы апарат тараған. Онда Айсұлтан Рахатұлы Назарбаев қазіргі ҚФФ президенті Ерлан Қожағпановтың екі бірдлей лауазымды қызметті қатар атқарып жүргенін сынға алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы ВКонтакте желісіндегі «За тебя Баке» тобының ақпаратына сілтеме жасайды.
Айсұлтан Назарбаевтың Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетіне жолдаған хатында «федерацияның қазіргі президенті Ерлан Қожғапанов мырза ҚФФ президенттігімен қатар «Астана» кәсіби спорт клубының басшысы міндетін атқарып келеді. Ал ФИФА заңнамалары бойынша бұған жол берілмеуі керек еді. Сондықтан да мен ҚФФ кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді және федерадация президенттігіне өзімнің кандидатурамды ұсынамын. Өзімнің ойыншы ретіндегі және Біріккен Корольдікте жүргендегі тәжірбиеме сүйене отырп, барлық білімім мен кұш-қуатымды Қазақстан футболының дамуына жұмсайтынымды айтқым келеді»,-деген.
Nur.kz сайты жариялаған ақпараттағы хат ресми тілде жазылғанын ескере отырып, «Қамшы» порталы хатта нендей өзекті мәселелер көтерілгенін сараптаған болатын.
1994 жылдары Қазақстан футболы ФИФА құрамына қосылғаннан бастап, еуропалық стандарттар бойынша жұмыс жіргізіліп келгені белгілі. Бірақ бұдан қазақ және Қазақстан футболының тасы өрге домалай қоймаған-ды. Ал 2002 жылы экс-елші, Айсұлтан Назарбаевтың әкесі Рахат Әлиевтің президенттігі кезінде Қазақстан футбол федерациясы УЕФА құрамына қосылғанын біз жоғарыда атап өткен болатынбыз. Осыдан арада көп уақыт ұзамай жатып-ақ, алматылық «Қайрат» клубы футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдегері атанды Бұл 2008/09 жылдары еді. Бұған марқұм Рахаттың тигзген септігі аз болмаған. Ал 2013 жылы «Қайрат» осы футзалдан УЕФА чемпионы болғанда олар финалдық кездесуде әйгілі испаниялық «Барселонаны» тұқыртқанда барша қазақ бөркімізді аспанға атып қуандық. Рас қой. 2013 жылы үлкен футболдан қарағандылық «Шахтер» клубы да Еуропа Лигасының топтық кезеңіне бір табан жақындаған еді. Сол кезде Тәуелсіз Қазақстанның футбол алаңында тұңғыш рет «Чемпиондар лигасының «гимні ойнады. Бұл да жетістік еді. Ал күні кеше ғана «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш қазақстандық команда болып тарихқа кірді. Күллі Қазақстан халқы қуаныштан жарылардай болдық. Біз мұнымен мақтанамыз.
Айсұлтанның айтуынша, Қазақстан УЕФА-ға қосылғаннан бастап футболда айтарлықтай өзгерстер орын алған. Олдардың бірсыпырасын біз жоғарыда тізбелеп өттік-те. Мысалы,
«УЕФА құрамына қосылған кезде біз одақтың барлық талаптарына келіскен болатынбыз. Соның ішінде, еуропалық футбол инфраструктурасын, регламенттері мен стандарттарын қабылдадық. Ал тағы бір ережеде федерация президенті өз қызметіне кедергі келтіретін барлық қызметтерден бас тартуы керек делінген. Алайда осы мәселеде Ерлан Тохтарханұлы Қожағапанов бірнеше лауазымды қызмет атқаратынын ескере кету керек. Осы ретте ҚФФ президенттігінің кезектен тыс сайлауын өткізуді және осы лауазымға өзімнің үміткерлігімді ұсынамын» дейді Айсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президентінің кіші немересі осыған дейін Ұлыбританияда футболдан тәлім алып келген және «Астана», «Сұңқар» футбол клубтарында ойнаған болатын. Естеріңізде болса, экс-елші, диссидет, марқұм Рахат Әлиев Қазақстан футбол федерациясының президенті болып қызмет атқарған кезде ҚФФ УЕФА құрамына қосылған еді.
Айта кетейік, осыған дейін «Қамшы» порталы Айсұлтанның ағасы Рахат пен Дариғаның үлкен ұлдары Елдордадағы лауазымды қызметке тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз.
2014 жылдан бастап еліміздің әкімшілік басқару ісі қызметкерлерінің қатарына жап-жаңа есім болып қосылған Нұрәлі Рахатұлы мен Ұлыбритания футболынан тәлім алып келген, Қазақстанның бірнеше клубтарында ойнап жүрген Айсұлтан Назарбаевтар туралы бірі білсе, бірі біле бермейтіні түсінікті.
Жә, білсе де кәдігі жұрттың аузында Олар – «президент – атаның» сүйікті немересі немесе Қазақстандағы нөмірі бірінші оппозиционер «болған» азаматтың ұлдары.
Үлкен саясатқа келгеніне көп болмаса да Нұрәлі Рахатұлына Жақсыбеков мырза Астананың «майлы жіліктерінің» бірін тапсырған.
Енді міне, Рахат пен Дариғаның сүткенжелері де білдей бір федерацияның тізгініне таласуда.
Иә, «әкесі үшін баласы жауап бермейді» қағидасына салсақ, кімнің баласы болса да, қабілеті мен қарымы жетсе, патша көңіліңізге ерік.
Нұргелді Әбдіғаниұлы