Қазақстаннан кімдер кетіп жатыр?

/image/2021/02/12/crop-10_39_381x678_5ec6184dbe955.jpg

2020 жылы Қазақстаннан 29,1 мың адам көшкен. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35,6 пайызға төмен. Ал Қазақстанға қоныс аударғандар саны 2020 жылы 11,4 мың адамды құраған, деп хабарлады LS сайты.

Қазақстаннан көшушілердің басым көпшілігі (25 139 адам) Ресейге кеткен. Бестікте Германия (2250), АҚШ (247), Беларусь (234), Өзбекстан (199) және Канада (111) бар.

Қазақстанға қоныс аударушылар көшін де Ресей (3614 адам) бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Өзбекстан, (2595), Қытай (1560), Түркіменстан (1192), Қырғызстан (465) және Түркия (312) жайғасқан.

Елден кеткендердің арасында былтыр Қарағанды облысының тұрғындары көп болған. Орталық Қазақстаннан 4106 адам көшіп кеткен. ШҚО-дан – 3868, Қостанай облысынан – 3347, Павлодар облысынан – 3170, Алматы қаласынан – 2654 азамат қоныс аударған.

Елге келушілер негізінен Алматы облысына (2710), Түркістан (1711), Қостанай (1097), Қызылорда (850) Ақтөбе облыстарына (805) қоныстанған.

Көшкендер арасында 4471 техникалық маман, 2332 экономист, 1454 педагог, 759 медицина қызметкері, 541 заңгер, 447 архитектор-құрылысшы, 230 ауылшаруашылық маманы бар. 5365 адам өзге мамандықтарды меңгерген.

Қазақстаннан кеткендердің 20 313-і орыс, 2481-і неміс, 2097-і украин, 1311-і қазақ, 807-і татар және тағы басқа ұлттар.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар