Денсаулық сақтау министрлігі тәулік ішіндегі эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.
Министрлік мәліметінше, бір тәулікте 837 адамнан коронавирус анықталып, 4 адам көз жұмған. 77 науқас пневмония жұқтырып, 3 адам өлген.
14 ақпандағы мәлімет бойынша, 23 828 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 295 пациент стационарда, 18 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавируспен пневмонияға шалдыққандар арасында 337 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 244 адамның жағдайы ауыр, 51 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Пікір қалдыру