Алматыдағы "Горкий" парк аумағына жатақхана салу жоспарлануда

/image/2021/02/15/crop-11_58_479x851_1536234987_news_b.jpeg
 
Алматы Орталық саябағы (бұрынғы Горкий паркі) аумағында Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттеріне арнап жатақхана салу жоспарлануда. Осыған орай алматылықтар 1 наурызда өтетін қоғамдық тыңдауға қатысып, пікір білдіре алады, деп хабарлады informburo.kz сайты.
 
Қоғамдық тыңдау барысында алтықабаттық жатақхана құрылысының қоршаған ортаға әсері бағаланбақ. Жиын 1 наурызда сағат 10:00-де Алматы қаласы Орталық саябақ 10-үй мекенжайында өтеді.

Астыңғы қабаттан тұратын 327 орынға шақталған жатақхана саябақтың оңтүстік шығыс жағында, волjтрек маңында салынады деп жоспарланған.

Жер телімінің қолданылу мақсатын өзгерту туралы қаулыға Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек 2018 жылы қойған.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы жауапты. Құрылысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті тапсырыс берген.

Мәселеге байланысты талап-тілекті қоғамдық тыңдау өтерден 3 күн бұрын аlmansur_almaty@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар