ЗАУАЛ ШАҚ...
О, нарықтық!
Жарықтық,
«Зарықтық»...
Сен келгелі – қайыршы боп тарықтық.
Қарық болып жатқан – мерез озбырлар,
Жақсылықты күте-күте жалықтық.
Асау аттай баға тулап шарықтап,
Қол жетпейді,
Аспанда тұр қалықтап.
Күннен-күнге пейіліміз тарылып,
Бай-кедей боп,
Түсті ортаға жарықшақ.
«Кіремін» – деп,
Еуро одаққа кірді де,
Тастады ғой кіріптар ғып бізді де.
Құқайы аздай «ВТО»-ға енген соң,
Опат етті,
Мойнымызды үзді де.
Болашағын сатып елдің қытайға,
Қарыз алып, басымыздан аттай ма?
Сақтау үшін шыбын жанын,
Әулетін
Аманатқа қазақ ұлтын тастай ма?..
«Керек» – деді, «атомдардың қалдығы»,
Қай жерде бар, соның маған барлығы».
Семей жетпей,
Радиация көріне
Жалғыз кетпей елді сүйреп барады.
Осы бәрі жетпей бізді қыруға,
Жұқпалы дерт ыңтайлысы «ұруға»...
Алдыртқаны бактерия қаруын,
«Оңды» болды, сес көрсетіп тұруға.
Гептил уын зәруіндей сұратып,
Жатыр әне, киіктерді сұлатып.
Келер кезек – қазақтікі,
Сол үшін
Ракетасын жатыр Ресей құлатып...
Қалыспайды қытайдағы алыптар,
«Саламыз» – деп «химиялық зауыттар».
Құмырысқадай қаптамақшы еліме,
Міне осы,
Күтіп тұрған қауыптар.
Шыдамады,
Ақын жаны,
Жылады,
Тәңірінен мейірімін сұрады.
Төтеп бермей қайран жүрек бәріне,
Сыр берді де,
Ақын содан құлады.
Қуаныш МҰҚТАЙ
08.09.15 жыл