Әлем біріншілігінің қола медалі Алмат Кебісбаевқа бұйырды

/uploads/thumbnail/20170708193631069_small.jpg

Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан  Әлем біріншілігінде 59 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан Алмат Кебісбаев қола медаль иеленді. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Bnews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Соңғы белдесуінде беларусиялық Сослан Дауровпен кездескен Кебісбаев 2-минутта қарсыласын таза жеңді. Сонымен, Қазақстан қоржынында грек-рим күресінен екі жүлде бар. Жарыстың алғашқы күнінде 75 келіге дейінгі салмақта күрескен балуанымыз Досжан Қартықов та қола иеленген болатын.

Жалпы, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары 21 жолдама жеңіп алды.

Қатысты Мақалалар