Салымшыларға бағам өзгеруіне байланысты өтемақы төленетін болады

/uploads/thumbnail/20170708193631570_small.jpg

Салымшыларға бағамның өзгеруіне байланысты өтемақы  төленетін болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz  сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Баспасөз мәслихаты кезінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов  осылай деп мәлімдеген.

Ұлттық банк өкілінің айтуынша, өтемақы берудің тәртібі жасалды. Оны қазақстандық банктер және Қаржыгерлер ассоциациясы талқылаған. Депозит иелері өтемақы алу туралы өтінішті 2015 жылдың 1 қазанына дейін жазуы тиіс. Кейін мерзім ұзартылуы мүмкін. Алайда өтемақы 2016 жылы төленетін болды.

Өтемақыны теңгемен ақша жинап жатқандар ғана ала алады. Алайда олардың салымы 1 миллион теңгеден аспауы қажет. Сонымен қатар, салымдардың банкте болғанына бір жылдан кем болмауы керек. ҰБ төрағасының орынбасарының айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында банктерде call-орталықтар мен кеңесшілердің жұмысы күшейеді. 

Осыған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістерді енгізетінін хабарлаған еді. Жұмыс тобының бағдарламаны жасау бойынша отырысында қарыздарды қайта қаржыландырудың елдегі валюта саясатына әсері сарапқа салынды. Оның қорытындысы бойынша, жаңа валюталық бағам режимінің есебінде бұл бағдарламаны толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шаралар жасалып, қаралды.  

Терентьевтің айтуынша, банктер салымшылардан 7 мың өтініш қабылдады, олардың ішінде шамамен 4 мыңы мақұлданды. Департамент директорының айтуынша, жалпы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы 25 мың адамға қатысты болады, оның ішінде 5-7 мыңы халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы саналады. "Бағдарламаға бақылау қойылған, әрбір 15 күн сайын қоғамдық бірлестіктерге есеп береміз", - деді Терентьев.

Қатысты Мақалалар