Тергеу изоляторынан қашып кеткен адамның түр-тұлғасы белгілі болды

/image/2021/02/19/crop-7_6_397x706_602e762b4d29b.jpg
Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен адам туралы толығырақ ақпарат жариялады.
 
Қашып кеткен адамның аты-жөні Дамир Давутов. Ақтөбе облысының тумасы, қамауға алынғанға дейін Алматыда тұрған. Бұрын ұрлық пен алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған.
 
Сыртқы белгілері: бойы 175-180 см, түр-келбеті азиялық, дене-бітімі орташа Шашы қара, қыр мұрынды, қоңыр көзід.

Басында ақ жолағы бар қара спорттық қалпақ, үстінде қара түсті қысқа күрте бұтында қара трико және қара аяқ киім болған.

Департамент азаматтарды айыпталушы туралы қандайда бір ақпарат алып жатса, 8 (7272) 90-22-06 телефонына арқылы хабарлауды сұрайды.

 
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар