Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Байқоңырда жоғалған екі ұлдың бірінің денесі Сырдария өзенінен табылғанын хабарлады.
Департаменттің мәліметіне сүйенсек, бүгін Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылған, ал екінші бала – Нұрәлі Оразбаев әлі іздестірілуде.
– Іздеу жалғасуда. Таң атысымен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазіргі уақытта құтқарушылар өзенді қарап жатыр. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымдарынан ахуалды бақылауды сұраймыз және қуатталмаған мәліметке сенбеуге шақырамыз, – деді Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазіргі кезде аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Іс прокурордың ерекше бақылауында болады.
Еске сала кетейік, 20 ақпан күні Байқоңыр қаласында сегіз жасар 2 бала жоғалып кеткен болатын.
Пікір қалдыру