Жаңатаста қаза тапқан бес баланың туыстары бүкіл елге үндеу тастады

/image/2021/02/23/crop-239_24_559x745_724420fa874858e22b234d7ab0f0f765_xl.jpg

Жамбыл облысында өрттен қаза тапқан балалардың туыстары халықтан болған оқиға жайлы сөз ете бермеуді өтінді. Бұл туралы KTK.KZ сайты хабарлады.

Әбдімәліковтер отбасының туыстары оқиғаға ешкімді кіналамайды.

– Болған жағдай ел тұрғындарының қабырғасын қайыстырғаны жасырын емес. Үш күннен бері қайғыдан қан жұтқан отбасына жер-жерден көңіл айтылып жатыр. Бірақ оқыс оқиғаға анасын, қала берді әкімдікті айыптаудан мезі болдық, – деді қаза тапқан балалардың туыстары.

Туыстарының айтуынша, оқыс оқиға болған баспанада бес баласынан айрылған отбасы тұрмайды. Сол себепті олар ерлі-зайыптыны жаңа үйге қоныстандыруды ұйғарыпты.

Қаралы отбасы моральдық, психологиялық көмек болмаса, қаржылай қолдау қажет емесін айтты. Алайда жылу жинауға ниет білдірген көпшілікке алғысын білдірді.

Әбдімәліковтер отбасының туыстары өздерінің де ерлі-зайыптыға баспана әперуге мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Алайда жас отбасыға демеушілер пәтер әперетін болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар