Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

/image/2021/02/26/crop-124_73_950x1690_1582153464_0_22_1600_922_1920x0_80_0_0_0a20a36956057185c8e6fa246d2645cc.jpg

Елде бір тәулікте 855 адамнан коронавирус, 51 науқастан пневмония анықталып, 12 адам короновирустан, 1 пациент пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

26 ақпандағы мәлімет бойынша, 13 358 адам короновирус инфекциясынан, 6919 адам пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 452 пациент стационарда, 15 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Вирус жұқтырғандардың арасында 254 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар