Қоршауда тұрған белсенділер бір сәтте арнайы жасақпен қақтығысқа түсіп, әскер қоршауды тартылта түсті. Осы сәтте белсенді әйелдің "ОМОН-дар қабырғамды сындырды" деп айқайлаған даусы шықты. Артынша жедел жәрдем көлігі келіп, белсендіні алып кетті. Ұзамай тағы бір әйел денсаулығына шағымданып, қабырғасы ауырып тұрғанын айтты.
Наразы топ дыбыс ұлғайтқышпен "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "саяси тұтқындарды босатылсын" Назарбаев, кет", "Еуропарламент қарары орындалсын" деп ұрандатып тұрды. Оларға жауап ретінде азаматтық киімдегі бірнеше адам "Мамай, қарабет, Мамайға сенбеңдер" деп айқайлап жүрді. Өзін "көпбалалы анамын" деп таныстырған белгісіз әйелдің белсенділерді тарауға үндеді.
Белсенділер қоршауда тұрған сегізінші сағатта полицейлер белсенді Абзал Достияровты ұстап алып кетті.
Пікір қалдыру