Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

/image/2021/03/03/crop-122_170_352x470_210303120716035e.jpg

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлібек Жақанбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. 

Еңбек жолын Алакөл ауданы "Левобережный" кеңшарының жұмысшысы болып бастады.

Әр жылдарда Семей қаласында "Зеленстрой" шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, "Қаратал орманы" ММК Алакөл филиалының директоры, "Талдықорған ағаштары" ММК Алакөл филиалының директоры, "Алакөл орман шаруашылығы" ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Әлібек Әскербекұлы 2011 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін Алакөл ауданының әкімі қызметінде болды.

Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданын Қуанышбек Қашқымбаев басқарған. Ол бұл қызметте 7 ай ғана отырды.

Қуанышбек Қашқымбаев 13 ақпанда өз еркімен қызметтен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Алайда арада екі-үш күн өткенде Қуанышбек Қашқымбаев қызметте екені хабарланды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар