"Алматы Жастары". Пәтер алу мүмкіндіктері артты

/image/2021/03/03/crop-12_114_805x1431_novostroyka-legenda.jpg

10-31 наурыз аралығында "Алматы Жастары" баспана бағдарламасына құжат қабылданады.

Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 5%, Бастапқы жарна – 10%. Өтінім www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы қабылданады.

Бұрын несиенің максималдық мөлшері 13 миллион теңге болса, жаңа талаптарға сай несие мөлшері 18 миллион теңгеге жоғарылатылды.

Бағдарламаға төмендегідей санаттағы азаматтар қатыса алады:

• Медицина қызметкерлері;
• Білім беру қызметкерлері;
• Мәдениет қызметкерлері;
• Спорт қызметкерлері;
• Жоғары оқу орны қызметкерлері;
• Әлеуметтік сала қызметкерлері;
• БАҚ қызметкерлері;
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Жаңа шарттарға сай, биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Былтыр мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл олар да өтініш бере алады.

Негізгі талаптар:
• Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
• Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
• 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар