Қарағандыда екі айлық нәресте табылды

/image/2021/03/03/crop-109_-2_588x784_photo_62348-900x_.jpg

Қарағанды қаласы 15-ықшамаудагда орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Сайт мәліметінше, 3 наурыз күні сағат 00:15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшамауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, нәресте ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына ("қауіпті жағдайда қалдыру") сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар