Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте наурыз мерекесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Вице-министр қазақстандықтарға наурыз мерекесін отбасымен атап өтуге кеңес берді.
– Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны көбейді. Сол себепті үлкен тойлар мен мерекелік іс-шаралар жасамай, өз отбасыларыңызбен ғана атап өтіңіздер. Халық маска тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек, – деді Марат Шоранов.
Пікір қалдыру