Қызылорда облысында екі медицина қызметкері өткен жылдан бері жалған ПТР сынағын сатумен айналысып келген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.
– Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020-2021 жылдары COVID-19 ПТР сынамаларының теріс нәтижелері бар сертификаттарды жүйелі түрде тексерістен өткізбей сатумен айналысқан 2 медицина мекемесінің қызметкеріне қатысты қылмыстық істі тергеуде.
ПТР сынағының сертификаттары әртүрлі мақсаттарда пайдалануға арналған: вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар, шетелге саяхаттайтын адамдар, Байқоңыр қаласына кіретін және тағы басқа, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров.
– Биыл жыл басталғалы Қызылорда облысының тұрғындарынан ПТР тестінен өткендігі туралы 60 жалған куәлік анықталды. Осылайша, медицина қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде облыс азаматтарының шексіз саны тәуекелге ұшырады. Жедел іздестіру кезінде ПТР COVID-19 сынамаларының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленді, – деді ол.
Пікір қалдыру