Елде коронавирустың таралу деңгейі төмендеп келеді

/image/2021/03/09/crop-81_44_468x833_lcjp10us.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша соңғы мәліметтерді жариялады.

Министрлік дерегінше, бір тәулікте 571 адам коронавирус, 4 адам пневмония жұқтырған. 7 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

9 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 758 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 254 адамның жағдайы ауыр, 54 пациенттің жағдайы өте ауыр, 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Министрлік коронавирустың таралуы төмендеп бара жатқанын мәлімдеді. 6 наурызда 874 наурқастан, 7 наурызда 854, 8 наурызда 670 адамнан вирус анықталған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар