БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

/image/2021/03/09/crop-37_5_693x1232_2021030921243613982_b-o-k-m-orynbasary.jpg Фото: zhaikpress.kz

ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы тағайындалды, деп жазады zhaikpress.kz сайты.

Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы 1986 жылы туған. Білімі – жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары:

- БҚО Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы;

- БҚО Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы;

- БҚО Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;

БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;

- БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы;

- БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;

- ҚР Қоғамдық даму министрлігі, азаматтық қоғам істері Комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар