2025 жылға дейін білім беру гранттарының бірнеше түрі енгізіледі

/image/2021/03/11/crop-13_11_987x1316_1530785631_1530785647.jpg

Білім және ғылым министрлігі 2025 жылға қарай кадрлар даярлауға арналған гранттар тек сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінетінін хабарлады.

Гранттардың бірнеше түрлері енгізіледі.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артпақ.


"Студенттерді жатақханалардағы орынмен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 20 мың орындық 75 жатақхана пайдалануға берілді. Ал 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын қолжетімді болады.

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша 2 озық жоғары оқу орны құрылатын болады. Ол оқу орындарында инновациялар мен серпінді технологияларды дамыту, озық ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыруға басымдық беріледі" делінген хабарламада.

Сондай-ақ елдің бәсекеге қабілетті 20 жоғары оқу орнының базасында "академиялық артықшылық" орталықтары құрылмақ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар