Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үндеу жолдады

/image/2021/03/17/crop-148_11_756x1008_5c5dd354-a6e6-464b-b0cd-918f679b3aa7.webp

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамы қарсаңында қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. 

– Наурыз мейрамы кезінде әр адам денсаулығына ерекше мән беруі керек. Әсіресе, "қызыл" және "сары" аймақтарда тұрған өңірлерде бұқаралық шараларды барынша азайтуға кеңес береміз. Өйткені бұл шараларға халық көп жиналып, аурудың таралу қаупі артады. Ал "жасыл" аймақтағы өңірлерге шараларды адам санын мейлінше шектеп ұйымдастыруға, негізгі шараларды онлайн өткізуге кеңес бердік, – деді Қиясов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол елде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасып жатқанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 83 839 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, онымен бүгінге дейін 19 312 адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Республика бойынша 58 863 медицина қызметкері, 13 744 педагог, күш құрылымдарының 4 094 қызметкері, 1 010 учаскелік полиция қызметкері және медициналық-әлеуметтік мекемелердің 393 персоналы мен контингенті құрауышта вакцинацияланды, – деп атап өтті бас санитар дәрігер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар