Жаңа қаулы. Локдаун аясында Алматы облысында блокбекет қойыла ма?

/image/2021/03/17/crop-3_99_326x580_122528040900.jpeg
 
Алматы облысының бас санитар дәрігері Асхат Шарапиев 20-24 наурызға арналған қосымша шектеу шараларына байланысты жаңа қаулы қабылдады.
 
Қаулыға сай, сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарының, барлық базарлардың, қоғамдық тамақтану орындарының, кинотеатр мен театрлардың қызметі тоқтайды.
 
Қаулыда блокпост туралы айтылмаған.
 
Елдімекендер ішінде қатынайтын қоғамдық көлік пен қалааралық, облысаралық автобустар қозғалысы шектелмейді.
 
24 наурыздан кейін қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұхсат етіледі. Театрлар мен кинотеатрларға көрермен санын 20 пайыздан асырмай жұмыс істеуіне болады.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар