Қазақстанның екі өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары "қызыл" аймақта.
Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "сары" аймақта.
Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.
16 наурыздан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, "қызыл" аймақта Батыс Қазақстан облысы болған.
Пікір қалдыру