“Әлі нәтиже жоқ”. Тоқаев үкімет басшысына тапсырма берді

/image/2021/03/18/crop-0_144_1500x2000_31e51cd6-b4e2-425c-9c05-763a044f97d0.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы "Алтын Орда" базары жанындағы жол айрығы құрылысының баяу жүріп жатқанын сынады.

– Бұл – әсіресе, қала іргесіндегі елдімекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. "Алматы – Бішкек" тас жолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс болатын. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Асқар Ұзақбайұлы, Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, "Райымбек – Алматы" учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын, – деді Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар