"Құрмет-қошеметке қарсы". Назарбаев өз атын "Абай аренаға" беру ұсынысына пікір білдірді

/image/2021/03/18/crop-81_7_660x880_nan.jpg

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі "Абай арена" стадионын "Елбасы арена" деп атауға қарсы. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.  

"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс" делінген жазбада.

Бұған дейін Семейдегі "Абай арена" стадионына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынылған.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар