Жұмысынан айырылған 37 мың адам төлем алды. Төлем қалай беріледі?

/image/2021/03/18/crop-8_40_282x501_unnamed.jpg
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 37,5 мың адамды құрады. Оның 9 780-і төлемді алғаш рет алған. Бұл туралы еңбек және халықа әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Елде жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы.  Төлем мөлшері жоғалған кірістің 40%-ын пара-пар.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған адам төмендегідей әрекеттер істеуі керек:

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;

- Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу ;

Мұнан соң бір күн ішінде тұрғылықты жердегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар