АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путинді "киллер" деп атағаннан кейін Путин Байденді ашық пікірталасқа шақырып, әңгімені тап ертең немесе дүйсенбі күні ұйымдастыруға болатынын жеткізді, деп жазады rbc.ru сайты.
– Мен бұл әңгімені кейінге қалдырғым келмейді. Демалыста тайгаға барып, демалып қайтқым келеді. Әйтпесе әңгімені ертең немесе дүйсенбі күні ұйымдастыруға болады. Біз Америка тарапына ыңғайлы кез келген уақытқа әзірміз. Бірақ ендігі дискуссияны тікелей эфирде жүргізу туралы шарт қоямын. Меніңше, бұл – Ресей халқы үшін де, АҚШ үшін де, өзге де көптеген елдер үшін де қызық болады.
Бұған дейін Джо Байден ABC News жүргізушісі Джордж Стефанопулосқа Ресей президенті Владимир Путинді "киллер" деп санайтынын айтқан.
Пікір қалдыру