"Халықты жаппай вакцинациялау". Цой қазақстандықтарға үндеу жолдады

/image/2021/03/19/crop-153_7_608x811_og_og_159308965923053284.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурыз мейрамы қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

– Демалыс және мереке күндері қарсаңында КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін тиісті сақтық шараларын мұқият сақтауды еске саламыз. КВИ-дің алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас. Бұл маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармау, сондай-ақ халықты жаппай вакцинациялау, – деді ол.

Министр дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штаммдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілгенін хабарлады.

– 2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді. Зерттеу нәтижелері бойынша "Британдық", "Оңтүстік Африка", "Бразилиялық" штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды.

Мутацияны және оның осы штаммдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады, – деп атап өтті Алексей Цой.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар