Францияның астанасы Парижде бір айға созылатын локдаун жарияланмақ. Оған елде пандемияның үшінші толқыны болады деген қауіп себеп болып отыр.
Франциядағы 15 ведомство жұма күні түн ортасынан бастап осындай шаралармен қамтылатын болады.
"Бұл шаралар бұрынғы локдаун сияқты қатаң болмайды" деді премьер-министр Жан Кастекс.
Бұл жолы адамдарға ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат беріледі.
Соңғы тәулікте Францияда 35000-нан астам жаңа науқас тіркелді.
Пікір қалдыру