Отандық бокс ардагері Борис Семенович Цхвирашвили қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
– Борис Семенович 85 жаста еді. Ол ауруынан толық айыға алмады және отбасындағы трагедия, яғни ұлының өлімі соққы болды. Ардагердің жүрегі 19 наурызда тоқтады, – деді федерация өкілдері.
Бокс ардагері елдегі көптеген турнирлерді ұйымдастырған.
"Борис Семенович Цхвирашвили – КСРО-ның және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген бапкері, бокстан Әзірбайжан КСР-нің бірнеше дүркін чемпионы, олимпиада ойындарына қатысқан халықаралық дәрежедегі төреші. Ол беделді кісі болды, сондай-ақ спортта тәжірибесі зор болды. Қазақстан бокс федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі ретінде ол елдегі көптеген турнирлерді бар күш-жігерін салып ұйымдастырды" делінген федерация хабарламасында.
Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен ұжымы Борис Цхвирашвилидің туыстары мен жақындарына, достары мен әріптестеріне көңіл айтады.
Пікір қалдыру