Алматы облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 19 наурыз сағат шамамен 16:30 шамасында Алматы-Өскемен тасжолында болған. Лада автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі қатты желден көлігін басқара алмай, апатқа ұшыраған.
"Жол-көлік апатынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. 6 жолаушы Қапшағай қаласының ауруханасына жедел жеткізілді. Кейіннен жолаушылардың бірі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды" делінген департамент таратқан хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру