"Қатаң карантин енгізіледі". Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

/image/2021/03/20/crop-82_8_706x941_b200c0346a6ec3d2.jpeg

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін қатаң карантин шаралары енгізілетінін ескертті.

Жаңа қаулыға сәйкес:

  • мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • Наурыз мейрамын және басқа да іс-шараларды тойлауды жаппай ұйымдастыруға тыйым салынады;
  • балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі тоқтайды;
  • қоғамдық көлікте, таксиде, метрода, әуежайларда санитарлық және дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі;
  • білім беру мекемелерінде тамақтану орындарының жұмысы тоқтайды;
  • сауда орталықтары мен базарлардың жұмысы тоқтатылады.

Қаулы 21 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 28 наурызға дейін қолданыста болады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар