Заңгер үй салуға арналған учаскелерді беруді жандандыру жолын ұсынды

/image/2021/03/25/crop-142_1_558x992_6cdea2e9-ad15-420e-9cb2-ce89de808bdd.jpg
Жеке тұрғынүй салу мақсатындағы жерлер мәселесін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы шешу керек. Бұл туралы жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы кезінде комиссия мүшесі, заңгер Бақытжан Базарбек айтты.
 
Заңгердің айтуынша, тұрғынүй салу мақсатындағы жер учаскелерінің кезегінде 1 жарым млн адам тұр. Мәселе шешілмесе, мұның арты әлеуметтік ауытқуға әкеліп соғуы мүмкін.
 
Комиссия мүшесі жер кодексінің 44-бабына сәйкес мұндай учаскелер инженерлік құрылымы жүргізілген алқаптардан берілуі керектігі айтылғанын, мұндай инженерлік құрылымды жүргізу үшін үкіметте қаржы жоқ екеніне назар аударды.
 
– Инженерлік құрылыммен қамтылған алқаптар кемінде электр және су желісімен қамтылуы керек. Бірақ мұндай ақша мемлекетте жоқ. Сондықтан жер кодексінің жаңа редакциясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жеке бизнесті инженерлік желілерді тартуға жұмылдыру жағын ойластыру керек. Сол арқылы жер беруді жылдамдатып, кезекті жылжыта аламыз. Сонда азаматтар жер реформасы жүріп жатқанын сезеді, – деді ол.
 
Комиссия төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастама өте орынды екенін айтып, ұсыныс қарастырылатынын жеткізді.

Жер кодексі бойынша Қазақстан азаматтары жеке тұрғынүй құрылысына арналған 10 сотық жер учаскесін тегін алуға құқылы. Жер учаскесі өзге жылжымайтын мүліктің барына қарамастан беріледі. Бірақ азаматтар жер учаскесінің кезегі мүлде жылжымайтын жиі айтады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар