Бұл хабарламаға 400 мыңнан астам лайк басылып, 12 мыңнан астам пікір қалдырылған.
Twitter қолданушының бірі "Бөгде ғаламшарлықтар твитті дәл осылай жазады" десе, тағы бір қолданушы бұған дейін Масктың өзін әлеуметтік желіде бөгде ғаламшарлық деп атағанын жазды.
Миллиардердің ойын құптағандар да, қарсы болғандар да, тіпті мазақтаған пікірлер де болды.
Илон Маск бұған дейін Мысыр пирамидаларын бөгде ғаламшарлықтар салғаны туралы пікір айтқан.
"Бөгде ғаламшарлықтардың Мысыр пирамидаларын салғаны анық" деп жазды ол өткен жылы жазда өзінің Twitter парақшасында.
Кейін Мысырдың халықаралық ынтымақтастық министрі Рания әл-Машат Маскты еліне шақырды.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сұхбатта Илон Маск бөгде ғаламшарлықтар адамзатты бақылап отырған болуы мүмкіндігін мәлімдеген.
Пікір қалдыру