COVID-19. Бір тәулікте 22 адам қайтыс болды, 1587 адамнан вирус анықталды

/image/2021/03/27/crop-18_99_661x1174_5ef8c11cf05f1119662899.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиология жағдайға қатысты соңғы деректерді жариялады.

Ведомство мәліметінше, өткен тәулікте елде 1485 адамнан коронавирус, 102 адамнан пневмония анықталған.

25 наурыздағы дерек бойынша 17 науқас коронавирустан, 5 адам пневмониядан көз жұмған.

Бүгінде 20 331 адам короновирус инфекциясынан, 2 415 адам пневмониядан емделіп жатыр. Оның ішінде 7434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар арасында 342 адамның жағдайы ауыр, 76 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Тәулік ішінде вирус жұқтырғандардың аймақтық бөлінісі төмендегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 365

Алматы қаласы – 450

Шымкент қаласы – 34

Ақмола облысы – 48

Ақтөбе облысы – 50

Алматы облысы – 105

Атырау облысы – 93

Шығыс Қазақстан облысы – 17

Жамбыл облысы – 15

Батыс Қазақстан облысы – 87

Қарағанды облысы – 85, Қостанай облысы – 39

Қызылорда облысы – 24

Маңғыстау облысы – 10

Павлодар облысы – 35

Солтүстік Қазақстан облысы – 21

Түркістан облысы – 7

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 238785.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар