Қазақстан футболшылары коронавирус жұқтырғаны хабарланды

/image/2021/03/29/crop-40_4_310x413_852.webp

Қазақстан ұлттық құрамасының  бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм парақшасында жариялады.

– Біздің футболда тағы төтенше жағдай. Қазақстан құрамасының штаб-пәтерінен бірнеше адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олар жаттықтырушы Сергей Калюбин және команда әкімшісі Максим Шауберт. Енді кім оқшауланып, кім Киевке баратыны белгісіз. Өйткені вирус жұқтырғандармен бірге, жаттықтырушылар штабының басқа мүшелері, әкімшілік құрамы, тіпті ойыншылар да қарым-қатнаста болған, – деді Қожахмет.

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирін бастады. Кеше ұлттық құрама "Астана Аренада" Францияны қабылдап, 0:2 есебімен жеңілген.

Енді команда 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні Киевте Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те Украинамен кездесуі керек. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар