Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді делінген күдіктінің суреті жарияланды

/image/2021/03/29/crop-0_101_744x992_mycollages-2021-03-29t181335.030.jpg

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деп күдікке алынған 28 жастағы ер адамның суреті жарияланды, деп хабарлады Qumash телеграм каналы.

"Аяжан Еділованы өлтірген күдіктінің есімі – Рахманберди Төребеков. 1993 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. Оқуды фармацевт мамандығы бойынша бітірген" делінген хабарламада.

Бүгін Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі күдікті ауруханадан шығарылғанын хабарлады. Сот тергеу жұмыстары аяқталғанша күдіктіні қамауға алды.

Бұған дейін 19 жастағы бойжеткен Аяжан Еділованың аса қатыгездікпен өлтірілгені хабарланған. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

күдіктінің суреті

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар