Америка БАҚ-тары Қызыл ғаламшардан ұзақ уақыт бойы қатып қалған су табылғанын хабарлап отыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Марста оның бетінің астында жасырынып тұрған алып мұздық табылды, деп хабарлайды Space.com. Басылымның мәліметтерінше, оның ауданы 1 млн. шаршы шақырымнан асады, ал қалыңдығы шамамен 40 метрді құрайды. Бұл Қызыл ғаламшарда табылған ең ірі мұздық болып отыр.
Ғалымдардың пікірінше, Марста ертеде өзендер мен теңіздер болған. Қызыл ғаламшарда мұздықтар бұған дейін де табылған, бірақ олар осыншама көлемді емес еді.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру