Аша Матай қыз ғұмырымен қоштасу кешін үндістердің салтымен өткізді (Фото)

/uploads/thumbnail/20170708193808076_small.png

Эстрада әншісі Аша (Ақбота) Матай тұрмысқа шығардың алдында құрбыларын жинап, керемет кеш өткізді. Бұл туралы «Қамшы» порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Әнші Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың үйлену тойы жақын аралыққа жоспарланған. Ал жұлдызды жұптың үйлену тойынан бұрын өткен Ашаның көңілді кешіне оның ең жақын құрбылары мен шоу-бизнестегі әріптестері қатысты.

Аша Матайдың “девичнигіне” жиналған танымал адамдардың ішінде Луина, Мақпал Исабекова, Рано Омарова, “Қазақстан аруы – 2013″ атанған Айдай Исаевалар бар.

Бір қызығы, Ашаның құрбылары көңілді кешке ерекше образ таңдапты. Яғни, болашақ қалдыңдықтан бастап барлық құрбылары үндінің ұлттық киімін таңдаған. Тіпті, Ашаның өзі де үндіше би билеп берді.

Аша Матайдың қазақы салт-дәстүр ұмыт бола бастаған шақта үндінің үлгісін үгіттеуінен қарапайым халық үлгі алмаса екен деп тілейік. Қыздық ғұмырда тағдырға бір -ақ рет жазылған шаттанар күнін басқа елдің қаңсығымен  таңсық көріп тойлатуы – Ашаның қазақы тәрбиеден алыстау екенінің дәлелі.  Қазақта «девичник» яғни, қыздар жиналып, сыр бөлісіп, отырыс құру жігіттің қайын жұртына «ұрын» барған сәтінде ұйымдастырылған. Қыздар ұзатылар қыздың шаш бауын көтеріп, қалыңдық көйлегін көріп, мәз болысатын. Ендігі жерде сол асыл салтымыздың өз бояуын былғап, үндінің үлгісіндегі «қыз отырыс» қыстырылысып келе жатыр. Елге үлгі болар, көшке көрік болар «жұлдыздарымыз» бөтеннің салтын  насихаттаумен айналысып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар